Егер Сізді нашар емдесе, не істеу керек?
Дөрекілікке, дұрыс емес диагнозға немесе сапасыз емге тап болдыңыз ба? Үнсіз қалмаңыз – Сіздің денсаулығыңыз бен құқықтарыңыз заңмен қорғалған!
Шағымды қайда беру керек? (жеңілден күрделіге қарай):
- Медициналық ұйымдағы пациенттерді қолдау қызметі.
Бұл жылдам тәсіл. Әрбір емханада немесе ауруханада ішкі аудит бөлімі бар. Тікелей соларға жүгініңіз – көбіне мәселені сол жерде шешіп береді.
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Байланыс орталығы: 55-13-56
- e-Otinish арқылы ресми өтініш беру.
Бұл негізгі заңды құрал. Сіздің шағымыңызды ресми тіркейді, ал мемлекеттік орган міндетті түрде жазбаша жауап беруі тиіс.
- kz сайтына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріңіз.
- «Өтініш беру» бөлімін таңдап, мемлекеттік органды көрсетіңіз.
- Денсаулық сақтау басқармасы: 55-14-14
- Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті: 50-21-90
Маңызды:
e-Otinish арқылы шағым берген кезде дәлелдерді қоса тіркеңіз:
көшірмелер, тексеру нәтижелерінің көшірмелері, чектердің суреттері.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









