ТСК дегеніміз не және ол Қазақстанда дәрігерлер мен пациенттерді қалай қорғайды?
2024 жылдың соңынан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жұмыс істейді. Бұл жүйе екі тарапты да қорғау үшін құрылған: пациент өтемақы алады, ал дәрігер жеке қаржылық жауапкершіліктен босатылды.
Мұндағы негізгі буын – Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК).
Ол қалай жұмыс істейді? Қадамдық алгоритмін талдаймыз:
1.Өтініштің түсуі
Пациент зиян келтіру туралы өтініш береді. Медициналық ұйымның қолдау қызметі оны түскен күні тіркейді. Егер өтініш Медбақылау комитетіне түссе, оны 3 жұмыс күні ішінде медициналық ұйымға қайта жолдауға міндетті.
2.Комиссияны құру
Бұған 10 жұмыс күнінен артық емес уақыт беріледі. Медициналық ұйымның басшысы ТСК құру туралы бұйрық шығарады.
Маңызды: құрамына бейінді мамандар, медассоциациялар және сақтандырушылар кіреді. Толық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымның өзінің өкілдері комиссияға кіре алмайды.
3.Сараптама және үкім
Комиссия құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде зерттейді (күрделі жағдайларда мерзімді ұзартуы мүмкін). Жұмыс нәтижесі – зиян келтіру фактісінің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды.
4.Төлемдер финалы
Егер зиян расталса, қорытынды 2 жұмыс күні ішінде пациентке және сақтандыру пулына жіберіледі.
•Пациент жедел түрде төлем алады.
•Медицина қызметкері қаржылық шығындардан қорғалған.
Ал егер пациент шешіммен келіспе ше?Оның ТСК қорытындысын ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитеті Департаментіне шағымдануға толық құқығы бар.








