Көне Жанкент – тарихтың үнін сақтаған қасиетті мекен!
Бүгін Өркендеу ауылдық округіне қарасты Жанкент қалашығына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Телерадио кешенінің өкілдері арнайы ат басын бұрып, көне шаһардың тарихымен танысып, арнайы түсірілім жұмыстарын жүргізді.
Түсірілім тобының құрамында Телерадио кешенінің басшылық құрамы мен жауапты мамандары қамтылды.
Көне шаһардың тарихы, археологиялық зерттеулер мен жүргізілген қазба жұмыстары жөнінде ауыл жастары ұйымының төрағасы, Жанкент шаһарының өлкетанушы-гиді, Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы кеңінен мағлұмат беріп, тарихи орындарды таныстырды.
Қонақтарды қарсы алып, түсірілім жұмыстарына қолдау көрсеткен Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Жаңашова Меруерт Сағидуллақызы, ауыл тұрғыны Нұрхожаева Жазира, Жанкент ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Ораз Бақытбек, сондай-ақ ауыл жастары мен жасөспірімдері белсенділік танытты.
Бүгінгі түсірілім – Жанкенттің тарихын елге танытып, оның туристік әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Көне шаһардың тарихын дәріптеп, туған жердің құндылығын насихаттауға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Жанкенттің тарихы – ұрпаққа аманат, елге мұра!
Тарихы терең Жанкент – өркениет көшіндегі ұлы мекен! 





