1 / 15
1 қазан күні Жанкент ауылдық кітапханасында «Үздік оқырман — 2026» облыстық байқауының І кезеңі өткізілді.
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамалары мен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Байқаудың басты мақсаты — көркем әдебиетті насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімді әрі зерделі оқырмандарды анықтау.
Байқау ІІІ кезеңнен тұрады:
Байқаудың І кезеңінде қатысушылар Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы бойынша өз білімдерін ортаға салды.
Байқау басталмас бұрын қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, журналист, «Алтайдың кербұғысы» атанған біртуар қаламгер Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.
Қатысушылардың білімін саралап, шығарманы қаншалықты терең меңгергенін бағалау мақсатында әділқазылар алқасы жасақталды.
Әділқазылар алқасының құрамында:
Қатысушылар өз білімдері мен әдеби танымын ортаға салып, шығарманы терең түсінгендерін көрсетті.
Сонымен қатар байқауға белсене қатысқан оқырмандарға Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы С. Көзейбаевтың Алғыс хаттары табысталды.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барша оқырмандарға, әділқазылар алқасына және іс-шараның өтуіне атсалысқан барша азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз! 






