ЖАНКЕНТТІҢ ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АЛҒЫС!

    1 / 6
    Бүгін Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы «Жанкент жастары» ұйымының ұйымдастыруымен, Жанкент еріктілерінің бастамасымен, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Шабыт» еріктілер тобы жобасы аясында тағы бір игілікті іс жүзеге асты.
    Жанкент халқының, Жанкент жігіттері мен жастарының, Жиеней баба жастарының және Қалмағанбет баба ұрпақтарының қолдауымен үйі өртенген Көпбергенұлы Мейрамбектің отбасын қуанышқа бөлеу мақсатында бір аптаның ішінде 700 мың теңгеге жуық қаражат жиналып, отбасыға баспана табысталды.
    Баспанаға қажетті қаражатты «Жанкент жастары» ұйымының төрағасы, «Жанкент еріктілері» тобының жетекшісі Мурзалиев Талап Алтынбекұлы жинақтап, отбасыға табыстады.
    Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолмырзаев Өткелбай сөз сөйлеп, игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Жергілікті ақын, зейнеткер ұстаз Ғалия Аманқызы Жанкент халқы мен жастарына ақ тілегін арнап, баршаға бақыт пен береке тіледі.
    Сондай-ақ ауыл ақсақалы Бөлекбаев Көмекбай сөз сөйлеп, қайырымдылық ісіне атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
    🤝 БАСПАНА СЫЙЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАНАШЫР ЖАНДАР:
    Қалмағанбет баба ұрпақтарынан: Кеуілімжайұлы Кемалбай, Медетов Еркебай, Әріпбай Мұратбек, Тұрмаханұлы Лескен, Еркін, Бөлекбаев Мұстафа.
    Жанкент жігіттері мен халқынан: Шакизадаұлы Әлжан, Құтжанұлы Темірбай, Орынбасаров Сахитжан, Тілеужанов Жанболат, Абатұлы Құрал, Әбдіразақов Сәкен, Дабылов Жетербай, Мырзалы Алмасбек, Дабылов Едіге, Алдиярұлы Ғабит, Дабылов Әділет, Қартқожақ Руслан, Анықұлы Ақниет, Исабаев Серік, Қонысбаев Қуандық, Қоянбаев Болат, Жеңіс, Берікұлы Нұрланбек, Әбилаев Мейірім, Асылхан, Омаров Нұрхат, Ермекбаев Нұрбол, Үрметбек Қанат, Есмурзаев Бақытбек(отбасы) Жеткербаев Еркебұлан, Елубаев Дастан, Бигелдинов Сырым, Нысанов Еркін, Өмірзақ Қайрат, Өтепбергенов Ерлан, Таласбаев Нұрлан.
    Жанкент жастары атынан: Абатов Нұрболат, Тотаев Ринат, Ұлықпан Айбек, Қару Азамат, Рахат Талап, Әсен Нұрдаулет, Думанов Жәнібек, Жарқынбекұлы Жәнібек, Бақытбекұлы Әли, Найманов Жеңісбек.
    Жиеней жастарынан: Шоланұлы Қайнар, Еркін, Аманқос, Ербол, Қуаныш және басқа да көптеген Жанкент тұрғындары өз үлестерін қосты.
    ❤️ БАРША ЖАНАШЫР ЖАНДАРҒА ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
    Сонымен қатар «Жанкент жастары» ұйымына, ұйым төрағасы Талап Алтынбекұлына, қолдау көрсеткен барша Жанкент халқына, жігіттер мен жастарға, еріктілерге, Жиеней және Қалмағанбет баба ұрпақтарына ерекше алғысымызды білдіреміз!
    Шара соңында жиналған қауымға арнап ас беріліп, Құран оқытылып, дұға бағышталды.
    Бұл игі іс – елдіктің, бірліктің, бауырмалдық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Қиындыққа тап болған отбасының жанынан табылып, қолынан келген көмегін аямаған әрбір азаматтың ниеті қабыл болсын!
    Жақсылық жасау – жүректің кеңдігі, елге қызмет ету – азаматтықтың белгісі. Осындай қиын сәтте жұмыла көмек көрсетіп, бір отбасының үмітін қайта жаққан барша азаматқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
    Алла баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке берсін! Жасаған жақсылықтарыңыз еселеп қайтып, әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа толсын!
    Бірлік бар жерде – тірлік бар!
    Жанкенттің жомарт жүректі азаматтары аман болсын!
    Еліміз тыныш, халқымыз аман, ынтымағымыз мәңгі болсын! 🤲

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары