«ЖАНКЕНТ ШАҺАРЫ – БАБАЛАР МҰРАСЫ»

    1 / 3
    Бүгін «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Шабыт» еріктілер тобы және «Таза Қазақстан» жобалары аясында Жанкент ауылдық мәдениет Үйі және Жанкент еріктілерінің ұйымдастыруымен ауылымыздағы тарихи-мәдени орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және туған жерге деген құрметті арттыру мақсатында «Жанкент шаһары – бабалар мұрасы» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
    Мақсаты: ауылымыздағы тарихи-мәдени орындарды құрметтеу, олардың тазалығын сақтау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, жастарды тазалыққа, жауапкершілікке және тарихи мұраға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
    Іс-шара барысында ауыл жастары мен мекеме қызметкерлері тарихи-мәдени орынның айналасын тазалап, шашылған қоқыстарды жинау, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
    Тазалық жұмыстарына кәсіпорын қызметкерлері Жеткербаева Айткүл, Еспенбетова Алтынкүл, Әбдуәли Шапағат және Избенбетова Нүргүл белсене қатысып, тазалық акциясының өтуіне өз үлестерін қосты.
    Акция барысында қатысушылар «Туған жерді таза ұстау – әр азаматтың парызы» қағидасын басшылыққа алып, тарихи мұраны сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары