1 / 6
Ауыл тұрғындары үшін маңызды әрі көптен күткен игі бастамалардың бірі – елді мекенді табиғи газбен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта «ЮГГАЗ ПРОЕКТ» ЖШС мамандары Жанкент ауылына арнайы келіп, елді мекенішілік газ желілерін тарту бойынша жобалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл – ауылымыздың инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Ауылымыздың өркендеуі мен тұрғындар игілігі жолындағы жұмыстар өз жалғасын таба берсін!
Жанкент ауылының дамуы – баршамыз үшін ортақ мақсат!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









