Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

    Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

    Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 2026 жылы елімізде 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе шамамен 188 мың тұрғынжайды пайдалануға беру жоспарланған.

    Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғынжай пайдалануға берілді. Осылайша, жылдық жоспардың 47,5%-ы орындалды.

    Жаңа тұрғын үй салумен қатар, азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары да іске асырылуда. Биыл 155,5 млрд теңгеге 12 мың кредиттік тұрғын үй салу және сатып алу көзделген. Сонымен қатар, 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалдамалы тұрғын үй сатып алу жоспарлануда.

    Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. Жыл басынан бері азаматтарға 2–5% мөлшерлемемен жалпы сомасы 72,7 млрд теңгеге 5,1 мың қарыз берілді.

    Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 339,2 млрд теңгеге 11,5 мың қарыз берілді.

    Еліміздің өңірлерінде тұрғын үй салу және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерін іске асыру жұмыстары жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары