ТЖД қызметкерлері мен еріктілер достық шахмат кездесуін өткізді

    Спорт күніне орай Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері еріктілермен достық шахмат кездесуін өткізді.

    Қатысушылар шахмат ойынында өздерінің жақсы дайындықтары мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, командалық рух, өзара құрмет және зияткерлік спортқа деген қызығушылықтарын танытты.

    Кездесу Қазақстанда 2026 жылға жарияланған Еріктілер жылы аясында да ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілер қауымдастығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

    Шахмат кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Сонымен қатар бұл шара уақытты пайдалы өткізіп, зияткерлік спортқа қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті спортты, еріктілер қозғалысын дамытуға және қоғаммен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары