Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім адамдарды анықтау, сондай-ақ өңір аумағында тиісті құқықтық тәртіп деңгейін қамтамасыз ету мақсатында 18-21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері профилактикалық және жедел іс-шаралар кешенін жүргізіп, азаматтар көп жиналатын орындарды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексереді.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқық бұзушылық фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








