ТМРК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

    ТМРК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі, сондай-ақ Комитет әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

    Көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, 8 (7172) 74-26-74 телефоны арқылы хабарласуға немесе ұсыныстарды [email protected] электрондық мекенжайына жолдауға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті" жаңалықтары