Қарағанды облысында білім беру жүйесін дамытудың басымдықтары талқыланды

    Қарағанды облысында білім беру жүйесін дамытудың басымдықтары талқыланды

    Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне, өңірдегі білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және жаңа 2026-2027 оқу жылындағы басым міндеттерді айқындауға арналған тамыз конференциясына қатысты.

    Білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері, өңірдегі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған міндеттер талқыланған «Тамыз конференциясына» қатыстым.

    Пленарлық отырысқа облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚР Конституциялық Сотының судьясы Айжан Жатқанбаева, ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Жандос Сәрсен, Білім басқармасының басшысы Дулат Жекебаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, білім беру саласының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім саласының ардагерлері қатысты.

    Отырыс барысында азаматтардың білім алу құқығының конституциялық кепілдіктері, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, облыстың білім беру жүйесін дамыту нәтижелері және жаңа оқу жылындағы басымдықтар қаралды.

    Білім алушыларды оқыту мен дамытудың заманауи тәсілдеріне, мемлекеттік қызмет пен этика мәселелеріне, білім сапасын арттыру құралы ретінде балалардың әл-ауқатына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасын дамытуға ерекше назар аударылды.

    Конференция аясында кәсіби жетістіктері мен саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

    Білім беру жүйесін дамыту, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мен жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау Қарағанды облыстық мәслихатының қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облыстық мәслихаты" жаңалықтары