КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

    КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
    КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
    Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күні» мерекесі аясында аудандық спартакиада болып өтті.
    Аудандағы спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында спорттың кіші футбол, үстел теннисі мен қол күресі, арқан тарту, асық ату мен бесасық, ләңгі тебу, садақ ату мер гір тасын көтеру, дартс секілді түрлерінен өткен шараға аудан әкімінің орынбасары арнайы қатысып, спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
    Мереке аясында жеңімпаз шәкірт тәрбиелеп, қоғамдық істерде белсенділік танытып, спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге сый-құрмет көрсетіліп, Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық дене щынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияровтың алғыс хаттарымен марапатталды.
    Спорт саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан 200-ге тарта қызметкердің арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиадада ерлер мен әйелдер құрама командалары өздерінің дайындықтары мен жеңіске деген құлшыныстарын байқатты.
    Жанкүйерлердің делебесін қоздырып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «Ұлттық спорт клубы» мекемесінің құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, ІІ орынға №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері табан тіреді. Ал, «Жетісай спорт клубы» мекемесінің құрамасы І орынды қанжығаларына байлап, спартакиада жеңімпазы атанды.
    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар арнайы кубокпен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушылардың дипломдары мен медальдарына, түрлі номинацияларына ие болды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары