
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК ТІРЕГІ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің құқықтық және демократиялық дамуының негізгі бағытын айқындайтын маңызды құжат.
Конституциялық реформалар аясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік институттарының өзара тепе-теңдігін қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамытуға бағытталған маңызды нормалар қарастырылған.
📌 Ұсынылып отырған 10 постерден тұратын ақпараттық топтамада жаңа Конституцияның негізгі бөлімдері мен маңызды нормалары қысқаша әрі түсінікті түрде қамтылған:
🔹 Конституциялық құрылыс негіздері;
🔹 Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер;
🔹 Президент;
🔹 Құрылтай;
🔹 Үкімет;
🔹 Қазақстан Халық Кеңесі;
🔹 Конституциялық Сот;
🔹 Сот төрелігі, прокуратура және құқық қорғау тетіктері;
🔹 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
🔹 Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
Конституция – мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
📖 Ата Заңды білу – өз құқықтарыңды білу.
⚖️ Заңды құрметтеу – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі.









