Жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға бір апта қалды. Маңызды саяси науқан қарсаңында алдағы дауыс беру тақырыбы қаланың ірі қоғамдық алаңдары мен бұқаралық іс-шараларында да кеңінен айтылып келеді.
Сондай алаңдардың бірі – 16 тамызда Қостанайда өткен Kostanay Half Marathon. Бұқаралық спорттық шараға мыңнан астам адам қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына 23 тамызда еліміздің жаңа бір палаталы парламентінің депутаттарын сайлау өтетіні еске салынды.
Жарыс Қостанайдың орталық көшелерімен өтіп, салауатты өмір салтын ұстанатын әр жастағы тұрғындарды біріктірді. Сөреге кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар, отбасылар және балалар да шықты. Қатысушылар 21,1 және 10 шақырымдық қашықтықтарды жүгіріп өтіп, скандинавиялық жүріске, командалық эстафетаға және балалар жарыстарына қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







