
Семей қаласындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында жаңа оқу жылына арналған Абай облысы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы маңызды жиынға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім саласының басшылары мен педагогтер және Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты.
Конференция барысында өңірдегі білім беру жүйесінің негізгі бағыттары, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен адами капиталды дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын аясында білім саласының бірқатар үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттары және «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды.
Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымының жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басуына, өзекті мәселелерді талқылап, білім сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Жаңа оқу жылы барша педагогтерге сәттілік пен толағай табыс әкелсін!









