Меркі ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Меркі ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау және қоқысты табиғатта қалдырмау жөнінде ескертілді. Сонымен қатар тау өзендері мен су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпті, белгіленбеген жерлерде суға түспеу қажеттігі айтылды.

    Жамбыло блысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары