Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды

    Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды

    Шымкентте полиция қызметкерлері өзенде суға түсу кезінде ағысқа түсіп, жағадан алыстап кеткен екі қызды құтқарып қалды.


    Полицияға Қарабастау аумағында шомылып жүрген екі қызды өзен ағысы алып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері суда қиын жағдайға тап болған қыздарды байқап, бірден көмекке ұмтылған. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

    Қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

    Полиция азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, белгіленбеген және қауіпті жерлерде шомылмауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары