
Жетісай ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ақпараттық қауіпсіздік талаптары мәселелеріне қатысты арнайы мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске қала, кент, ауылдық округтері әкімі аппараттарының және аудандық бөлімдердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысты. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









