«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

    12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай өткен мерекелік шарада облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды.

    Биыл жобаға 14–35 жас аралығындағы жастардан алты бағыт бойынша 200-ге жуық өтінім түсіп, сараптамалық бағалаулардың қорытындысы бойынша 12 үздік жоба анықталды. Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант табысталды.

    Атап айтсақ, ғылым бағыты бойынша Гүлхан Қалыбек пен Әйгерім Сиражиденова, мәдениет саласында Азат Ғилмжан мен Нұрлан Ережепов, ақпараттық технологиялар бағытында Аиша Мерекеқызы, Жарылқасын Сүгірбай және Гүлнұр Зулхарда жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, бизнес саласы бойынша Шынар Урынбаева мен Альвина Оржанова, медиада Альбина Бабатаева мен Тәжі-бақыт Сапарғали, ал волонтерлік бағытта Аружан Ренатқызы үздік деп танылды

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жастардың шығармашылық, кәсіпкерлік, әлеуметтік және ғылыми бастамаларын қолдауға бағытталған.

    Грант иелерін құттықтай отырып, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары