Құрметті ардагерлер,Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Құрметті ардагерлер,Мерекелеріңіз құтты болсын!
    Құрметті ардагерлер!
    Баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Елімізде жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
    Сіздердің елдің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайық.
    Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде де белсенділік көрсетіп, еңбек етіп келесіздер.
    Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Әрдайым бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
    Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
    Мерекелеріңіз құтты болсын!
    Құрметпен,
    Серік Үсенұлы Мамытов
    Жетісай ауданының әкімі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары