Алматы қаласының Телемедицина орталығы — әр тұрғынға тәулік бойы қолдау

    Алматы қаласының Телемедицина орталығы — әр тұрғынға тәулік бойы қолдау

    Телемедицина орталығы (ТМО) тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді және дерлік 6 жыл бойы Алматы қаласы халқы, медициналық ұйымдар мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы байланыстырушы буын болып қала береді.

    1312 нөмірі арқылы әр тұрғын:
    — тәулік бойы кез келген уақытта дәрігердің (педиатр, гинеколог, оператор-кеңесшілер) тегін кеңесін ала алады;
    — медициналық ұйымның жұмысына қатысты өтініш немесе шағым қалдыра алады — барлық өтініштер тіркеліп, жұмысқа алынады;
    — жүктілік кезінде, босанғаннан кейін, баланы стационардан шығарғанда қашықтықтан сүйемелдеу ала алады.

    1312 нөміріне қоңырау шалыңыз — дәрігер кеңесі тегін, тәулік бойы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары