Басқа жерлердегідей ауданымызда да тазалық жұмыстары қызу қолға алынды. Әсіресе әр сенбі күні қай ауылдық округтерде болмасын ауылдың төңірегі, көше бойлары, әрбір үйдің маңайы тазалануда. Сондай-ақ қураған ағаштар ретке келтіріліп, қоқыстар сыртқа шығарылуда. Бірнеше жылдан бері ескерусіз қалған газ трубалары сырланып, ауылдарға рең беріле бастады. Әрбір ауылдың тазалығы аудан басшыларының назарында. Аудан әкімінен бастап орынбасарларыда бұл жұмыстарды жіті қадағалап, тазалыққа басымдық беруде.
Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев өткен аптаның сенбісі күні Бәйтерек ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірдің бет-бейнесімен танысып қайтты. Сапар барысында Қуаныш Қалмаханұлы округке қарасты Базарбай, Көкбастау, Төрегелді, Тегістік ауылдарында болып, әрбір көше бойын жаяу аралап шықты.
Сөйтіп санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру, заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын күтіп ұстау, көгалдандыру жұмыстарына басымдық беруді тапсырды.
Әрбір елдімекеннің инфрақұрылымы, тазалығы және әлеуметтік жағдайы жіті тексерілді. Нәтижесінде ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ал оның орындалуына мерзім белгіленіп, қайта тексерілетіні қатаң ескертілді. Бұл ретте округ әкімі Қуаныш Жұмановқа тазалық жұмысына ауыл тұрғындарын ұйымдастыру тапсырылды. Төрт ауылдан тұратын округте тазалық жұмыстары сенбі күніне қарамастан қызу жүргізіле бастады.
“Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болады” демекші, ауыл тұрғындарының өз ауылдарын таза ұстағандары жөн. “Тазалық-денсаулық кепілі” екенінде естен шығарып алмайық.
Жұмыс сапары соңында аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Қалмаханұлы “Жұмыс көзбен көріп, қолмен атқарғанда ғана нәтижелі болмақ”,- деп атап өтті. Ал біздің бұған алып-қосарымыз жоқ.
ТАЗАЛЫҚ ТАЗАЛАҒАН ЖЕРДЕ ЕМЕС, ТАЗА ҰСТАҒАН ЖЕРДЕ БОЛАДЫ
Ұқсас материалдар

Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды
Көлік министрлігіАшуҚазақстан Республикасы Павлодар облысының аумағындағы саяси партиялардың филиалдары мен қоғамдық бірлестіктеріне ХАБАРЛАНДЫРУ
АшуАлматыда тәуекел тобына жататын жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары мен жұмысшы мамандық өкілдері марапатталды
Астана қаласының әкімдігіАшуАлматыда шала туған нәрестелерді күтіп-баптаудың заманауи тәсілдері талқыланды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
"" жаңалықтары

Түймекент ауылында «Арай» Групп компаниясының демеушілігімен жаңа кіші футбол алаңшасы ашылды
АшуЖамбыл агросекторы: өнімділік артып, өңдеу өндірісі жаңа деңгейге көтерілуде
Ашу
ӨНЕР ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕК: Амангелді Тілептің шығармашылық кеші өтті
Ашу
Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Медиация – заманның талабы» атты семинар өтті
Ашу
Жамбыл облысында жол құрылысы саласында 73 жоба жүзеге асуда
Ашу