
«Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру бірлескен бұйрыққа сәйкес жүргізіледі. Пилоттық жоба 2021 жылдың 1 қазанын бастап жүзеге асырылып жатыр. Бұл мелекеттік қызмет ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 29.06.2023 жылғы №260 бұйрығы, яғни Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Сырттай куәландыру – азаматтың медициналық-әлеуметтік сараптамаға жеке өзі келу қажеттілігін барынша азайтуға бағытталған заманауи тәсіл. Бұл ретте азаматтың денсаулық жағдайына қатысты медициналық құжаттары мен қажетті мәліметтері ақпараттық жүйелер арқылы зерделенеді.
Сырттай куәландырудың негізгі мақсаты – медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін азаматтарға барынша қолжетімді, ашық және ыңғайлы ету. Әсіресе денсаулық жағдайына байланысты медициналық ұйымға немесе МӘС бөлімшесіне келуі қиын азаматтар үшін бұл тәсілдің маңызы зор.
Куәландыру барысында ұсынылған медициналық құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы, азаматтың денсаулық жағдайы, функционалдық мүмкіндіктері және тіршілік-әрекетінің шектелу дәрежесі жан-жақты қарастырылады.
Сонымен қатар сырттай куәландыру кезінде де барлық шешімдер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылданады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталуы тиіс.
Осыған байланысты медициналық ұйымдар тарапынан МӘС-ке жолданатын құжаттардың сапалы, толық және нақты толтырылуы өте маңызды. Құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы сараптаманың объективті жүргізілуіне тікелей әсер етеді.
Қорытындылай келе, сырттай куәландыру – азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыруға, рәсімделуді жеңілдетуге және МӘС қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды механизм.
Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша сырттай проактивті куәландыруға нақты нозологиялық нысандардың тізімі бекітілген. 2025 жылғы өзгерістерден кейін бұл тізім 15 нозологияға дейін кеңейтілген.
М.Игликова
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департаментінің №4 МӘС бөлімінің басшысы









