Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

    Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

    2026 жылдың 12 тамызында Ақмола облысы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, аудан және қала әкімдерімен жұмыс кеңесі өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Е.А. Абжатов ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС), сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШБЖ) сәйкессіздіктерге қатысты проблемалық мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, Департамент басшысының ұсынысы бойынша аталған мәселелерді жақын арада әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның қарауына шығару жоспарлануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі." жаңалықтары