ЖҮКТІЛІК БАҚЫЛАУДА: БҮКІЛ СКРИНИНГТЕРДЕН ӨТУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

    ЖҮКТІЛІК БАҚЫЛАУДА: БҮКІЛ СКРИНИНГТЕРДЕН ӨТУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

    Жүктілік — болашақ ананың денсаулығы мен нәрестенің дамуына ерекше көңіл бөлуді қажет ететін маңызды кезең. Бақылаудың негізгі құралдарының бірі — пренаталдық скринингтер.

    Алматы қаласындағы №36 қалалық емхананың дәрігері Әбубәкір Ақбота Өмірбекқызы барлық қажетті тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығы туралы айтып берді.

    Пренаталдық скринингтерге қажетті тексерулер, оның ішінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), қан талдаулары және акушер-гинекологтың консультациясы кіреді. Олар жүктіліктің белгілі бір кезеңдерінде, дәрігердің жолдамасы бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі.

    «Скринингтерден уақытылы өту — ең алдымен әйелдің және болашақ баланың денсаулығына деген қамқорлық. Жоспарлы тексерулерді өткізіп алмау және дәрігердің ұсынымдарын орындау маңызды», — деп атап өтті маман.

    Пренаталдық скринингтер МӘМС аясында тегін жүргізіледі.

    Болашақ аналарға емханаға уақытылы жүгініп, дәрігер тағайындаған барлық қажетті тексерулерден өту маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары