Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Қалалық инженерлік желілер әдеттегі ауқымды қазба жұмыстарынсыз жаңартылуда. Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында биыл 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады. Жұмыстардың едәуір бөлігі траншеясыз әдіспен, яғни жер астында жүргізіліп, жолдар, жаяу жүргіншілер жолы мен абаттандыру нысандары сақталады.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Қазір ең ірі учаскелердің бірі – 14-шағынауданда, №1, 2, 2А, 3–14, 16 және 18 үйлердің маңында орналасқан. Мұнда шамамен 1,8 шақырым кәріз желісін ауыстыру жоспарланған.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Бұл технология аудан тұрғындарының күнделікті өміріне барынша аз әсер етуге мүмкіндік береді. Ескі құбыр жердің астында бұзылып, сол трассаның бойымен оның орнына жаңа құбыр тартылады. Жұмыстар арнайы технологиялық учаскелер арқылы жүргізілетіндіктен, желінің бүкіл бойын қазудың қажеті жоқ. Бұл ретте кәріз жүйесі жұмысын жалғастыра береді, яғни тұрғындардың ағынды су жүйесін өшіру талап етілмейді.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Траншеясыз технологияны техникалық тұрғыдан қолдану мүмкін болмаған жерлерде желілер ашық әдіспен ауыстырылады. Алайда бұл жағдайда да негізгі мақсат – тозған инженерлік желілерді қала ортасына барынша аз әсер ете отырып жаңарту.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Мамандар Пришахтинск коллекторын, сондай-ақ Зелинский, Сводная және Пирогов көшелеріндегі кәріз желілерін де қайта жаңғыртады. Мұнда диаметрі 160-тан 1000 миллиметрге дейінгі 2,4 шақырымнан астам құбыр жаңартылады.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Жалпы биыл «Қарағанды Су» компаниясы ауданда жеті инфрақұрылымдық нысанды жаңартады.

    Әлихан Бөкейхан ауданында 9 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады

    Оның төртеуі – сумен жабдықтау, үшеуі – су бұру жүйесіне қатысты. Барлығы 4,1 шақырым су құбыры және 5,1 шақырым кәріз желісі жаңартылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары