Жетісуда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

    Жетісуда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

    Талдықорған қаласында полиция, мемлекеттік органдар, әлеуметтік мекемелер және білім беру саласы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Кездесудің негізгі тақырыбы – дағдарыстық жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды дер кезінде анықтау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мәселелері болды.

    Жиында Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен Threads әлеуметтік желісінде өтетін «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» республикалық онлайн-акциясына ерекше назар аударылды.

    Акция аясында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтармен жүгініп, қажетті кеңес ала алады. Келіп түскен өтініштер мен хабарламаларға күнделікті мониторинг жүргізіліп, жедел араласуды қажет ететін жағдайлар бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданады.

    Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қамтылған өтініштерге ерекше назар аударылады. Басты міндет – азаматтарға дер кезінде көмек көрсету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

    Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің, Әділет департаментінің, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының, «Жанұя» отбасын қолдау орталықтарының және білім беру саласының өкілдері қатысты.

    Қатысушылар ақпарат алмасу мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы дағдарыстық жағдайларды дер кезінде анықтауға, азаматтарға қажетті көмек көрсетуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары