Жол бойындағы сауда: қауіпсіздік пен тазалыққа назар

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жол бойындағы сауда: қауіпсіздік пен тазалыққа назар

    Алматы–Өскемен бағытындағы республикалық маңызы бар автожол бойында маусымдық саудамен айналысатын қауын-қарбыз сатушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жол бойындағы сауда кезінде заң талаптарын сақтау, санитариялық тазалықты қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру.

    Түсіндіру жұмыстары барысында сатушыларға заң мен тәртіп талаптарын сақтау, сауда орындарының айналасын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға жинау, сондай-ақ автожол бойында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне басымдық беру, көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеу және жол бойындағы сауда орындарын белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру жөнінде ақпарат берілді.

    Шара барысында тұрғындар мен сауда жасаушыларға аталған талаптар қамтылған ақпараттық брошюралар таратылды.

    Жол бойындағы қауіпсіздік пен тазалықты сақтау – баршаға ортақ жауапкершілік. Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары