10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының туған күні

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының туған күні

    10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн – дана тұлғаның мол мұрасын ұлықтап, оның тағылымын кейінгі ұрпаққа насихаттауға арналған айтулы күн.

    Абай – қазақ халқының ғана емес, күллі адамзаттың рухани ой-санасына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп ұлы ақынның әлемдік өркениеттегі биік орнын атап көрсетті.

    Абай шығармаларының басты өзегі – адамды білімге, ғылымға, еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке және әділеттілікке ұмтылуға үндей отырып, ел бірлігі мен қоғамдық жауапкершіліктің маңызын дәріптеу.

    Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылым. Оның «Ғылым таппай мақтанба», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген өсиеттері білім мен еңбектің, ізденіс пен жауапкершіліктің мәнін айқындайды.

    Абай күні құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары