ТАЗАЛЫҚ — ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ! 🌿

    Свердловка ауылының тұрғындары абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, өз аулалары мен үйлерінің айналасын ретке келтіруде. Қоршауларын сырлап, аулаларын тазалап, шабылған шөптерді жинап, туған ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосуда.

    Ең бастысы — бұл игі іске балалар да атсалысуда. 👧🧒 Олар ата-аналарына көмектесіп, үлкендермен бірге аула тазалығына үлес қосуда.

    Баланың ең алғашқы тәрбиесі — ата-ананың үлгісі. Осындай қарапайым еңбек арқылы ата-аналар балаларға тазалықты сақтауды, еңбек етуді, табиғатты қорғауды және туған жерге қамқор болуды үйретеді. ❤️

    «Таза Қазақстан» — әр отбасының, әр тұрғынның күнделікті ісінен басталады. Бүгін біз таза аула жасасақ, ертең балаларымыз таза әрі көрікті ауылда өмір сүреді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары