
Кездесу барысында оқушылар лудоманияның не екенін, оның адам өміріне тигізетін кері әсері туралы ақпарат алды. Жастар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Кездесудің соңында әр қатысушы болашақтағы өзіне арналған «Болашаққа хат» жазып, өз мақсаттары мен армандарын қағазға түсірді.









