Байқау жеңімпазы анықталды

    Байқау жеңімпазы анықталды

    Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік қарауыл бастығы» байқауы өтті. Байқаудың алғашқы кезеңінде азаматтық қорғау офицерлерінің білім деңгейлері сарапқа салынды. Одан әрі құтқарушылардың физикалық дайындықтарын анықтау мақсатында турникке тартылу, оқу мұнарасының 4-қабатына шабуылдық сатымен көтерілу және қайық әдісімен жүгіру түрлерінен бақтарын сынады. Дода ішінен суырылып шыққан Т.Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әділжан Нұрланұлы «Үздік қарауыл бастығы» атағын жеңіп алды. Осылайша байқау шарты бойынша облыс жеңімпазы республикалық байқауға жолдама алды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары