Терезеден құлау!

    Құрметті ата-аналар!

    Жылы мезгілдің басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі артады. Ашық терезелер мен масаға қарсы торлар баланың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

    ⚠ Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін:

    • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
    • Терезе маңына жиһаз қоймаңыз.
    • Терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз.
    • Масаға қарсы тордың баланың салмағын көтермейтінін және қорғаныс құралы емес екенін есте сақтаңыз.
    • Балаларға терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.

    Балаларыңызды қорғаңыз! Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

    Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Аққулы ауданының әкімдігі" жаңалықтары