Достық станциясындағы полиция қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өтті

    Достық станциясындағы полиция қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өтті

    Достық станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісу облысы Дін істері басқармасының дінтанушы-психолог маманы Қ. Маратұлының қатысуымен «Қазақстандағы деструктивті діни ағымдардың қызметі» тақырыбында профилактикалық сабақ өтті.

    Кездесу барысында конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі талаптары және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы түсіндірілді. Сондай-ақ діни ұғымдардың мәні, дәстүрлі исламның негізгі ерекшеліктері және Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған «Таблиғи Жамағат», «Хизб ут-Тахрир» діни ұйымдарының қауіптілігі туралы айтылды.

    Маман деструктивті діни ағым өкілдерінің азаматтардың діни сауатсыздығын пайдаланып, оларды қылмыстық әрекеттерге тартуы мүмкін екенін атап өтті.

    Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі полиция департаменті" жаңалықтары