Мал ұрлығының алдын алу – ортақ міндет!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мал ұрлығының алдын алу – ортақ міндет!

    5 тамыз күні Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Ақсу ауданы прокурорының орынбасарының қатысуымен шаруа қожалықтарының басшыларымен және ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарымен кездесу өтті.

    Кездесудің негізгі тақырыбы – мал ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу шаралары болды. Жиын барысында малдың сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

    Мал иелеріне:

    • малға бақылауды күшейту;

    • ветеринариялық іс-шараларды уақытылы жүргізу;

    • малды міндетті түрде чиптеу, сырғалау және Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесіне (ИСЖ) тіркеу;

    • малды қараусыз қалдырмау және оны бағу қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Мал ұрлығы немесе өзге де құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда дереу «102» арнасына хабарласу қажеттігі айтылды. Уақытылы хабарлау құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне және қылмыстың ашылуына мүмкіндік береді.

    Кездесу соңында шаруа қожалықтарының басшыларына мал ұрлығының алдын алу, ветеринариялық талаптарды сақтау және құқық бұзушылық орын алған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар жөніндегі арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Мал ұрлығының алдын алу – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бірлескен іс-қимыл арқылы ғана ауыл тұрғындарының мүлкі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары