Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған кенті «МАИ бекеті» шағын ауданындағы су тарату станциясын және қосылу тармағын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.
Соңғы төрт жылда Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен өңір бюджеті 809 млрд. теңге болып, екі есе өсті. Ал даму бюджеті 4,3 есе артты.
Бұл қаражат аймақтың ең өзекті мәселелерін шешуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.
Бүгінде облыс тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, қамту деңгейі 85 пайыз болады.
Бұдан бөлек, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 6 200-ден астам пәтер беру жоспарлануда. Облыс бойынша 141 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95,5 пайызға жеткізіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









