Медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етудің маңызды шарты

    Медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етудің маңызды шарты
    Медициналық қалдықтар медициналық ұйымдарда, зертханаларда, стоматологиялық кабинеттерде және медициналық қызмет көрсететін өзге де мекемелерде түзіледі. Олармен қауіпсіз жұмыс істеу санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
    Медициналық қалдықтардың жекелеген түрлері жұқпалы ауру қоздырғыштарын, өткір медициналық бұйымдарды, дәрілік препараттарды және басқа да қауіпті заттарды қамтуы мүмкін. Белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда мұндай қалдықтар инфекциялардың таралуына, жарақаттануға және қоршаған ортаның ластануына себеп болуы ықтимал. Сондықтан медициналық қалдықтарды жинау, сұрыптау, уақытша сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру және кәдеге жарату белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
    Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесіне қарай міндетті түрде сұрыпталады. Қалдықтардың әрбір түрі арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптамаларға жиналады. Бұл қауіпті материалдармен жанасу қаупін азайтып, олардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
    Өткір медициналық бұйымдармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Инелер, шприцтер, жүздер және басқа да өткір құралдар тек арнайы тесілмейтін контейнерлерге жиналуы тиіс. Бұл медицина қызметкерлерінің жарақат алу және инфекция жұқтыру қаупін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
    Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау барлық медициналық ұйымдар үшін міндетті. Белгіленген талаптарды қатаң сақтау инфекциялық аурулардың алдын алуға, медицина қызметкерлері мен пациенттердің, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді.
    Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті медициналық ұйымдардың басшыларын және медицина қызметкерлерін медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қолданыстағы санитариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары