Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейд өткізді

    Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейд өткізді

    Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мобильді топтың кезекті рейдтік іс-шарасы өтті.

    Рейд қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға экобелсенділер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің, полиция басқармасының өкілдері және еріктілер қатысып, қала аумағының санитарлық жағдайына мониторинг жүргізді.

    Рейд барысында абаттандыру қағидаларының сақталуына ерекше назар аударылып, бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, құрылысы аяқталмаған нысандардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталмауы, кәсіпкерлік нысандарының маңында рұқсатсыз қазба жұмыстарының жүргізілуі және абаттандыру талаптарының өзге де бұзылу фактілері тіркелді.

    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 3 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде 1 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынса, 2 тұлғаға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

    Сонымен қатар, құқық бұзушылармен қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Айта кетейік, мұндай рейдтік іс-шаралар қала аумағында әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары