Ақмола облысында мектеп медицинасын трансформациялау және «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

    Ақмола облысында мектеп медицинасын трансформациялау және «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды
    2026 жылғы 29 шілдеде Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мектеп медицинасын трансформациялау және «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелеріне арналған республикалық көшпелі семинар-кеңеске қатысты.
    Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 8 шілдедегі аппараттық кеңесінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің берген тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.
    Семинар жұмысына мектеп медицинасы бойынша республикалық үйлестірушілер, «Саламатты мектеп» жобасының өңірлік үйлестірушілері, Денсаулық сақтау басқармасының, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының аумақтық департаментінің өкілдері, сондай-ақ балаларға профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізуге қатысатын медицина қызметкерлері қатысты.
    «Саламатты мектеп» жобасын іске асыру бойынша негізгі баяндаманы С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы аумақтық департаментінің маманы ұсынды. Баяндама барысында жобаны енгізудің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ өңірлерде іске асыру тетіктері таныстырылды.
    Департаменттің бөлім басшысы Жадра Камалиева баяндаманы толықтырып, жобаны Ақмола облысында іске асырудың негізгі ұйымдастырушылық мәселелеріне тоқталды. Облыс аумағында жобаны енгізу динамикасына ерекше назар аударылып, денсаулық сақтау және білім беру салалары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар енгізу көрсеткіштері төмен аумақтарда белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында жұмысты жандандыру қажеттігі айтылды.
    Семинар қорытындысында қатысушылар мектеп медицинасын одан әрі жетілдіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және «Саламатты мектеп» ұлттық жобасы аясында балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған кешенді тәсілді дамыту бойынша алдағы міндеттерді талқылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары