
🔹2026 жылдың 5 тамызында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Қайроллаұлы Самашев «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысы бойынша өкілдерімен, сондай-ақ аудандық бөлімшелердің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың проблемалық аспектілері мен оларды тиімді шешу жолдары қаралды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оларды көрсетудің белгіленген мерзімдерін сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арасындағы өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға және халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар практикалық ұсыныстар әзірледі.









