
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалымен, Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «С.Керімбеков атындағы орта мектеп» КММ педагогикалық ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері, оның азаматтар мен қоғам үшін маңызы, сондай-ақ құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын сақтауға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнықтыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.








