
Заң мен тәртіпті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында,Алматы облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қонаев қаласындағы «Қазақ орта мектеп-лицейінің» оқушыларына кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына айыппұл салу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізу тәртібі шеңберінде ата-аналарға айыппұл салу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібіне, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ заңнама талаптарын уақтылы орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Департамент мамандары оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, заңнамада көзделген жауапкершілік шараларын қолдану тәртібін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін практикалық мысалдар келтірді.









