
Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында Мұхтар Өтегенұлы «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын бақылау, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласындағы міндеттерінің орындалуы, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының құрылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, еңбек шарттарын жасасу және рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу режимін сақтау, еңбекке ақы төлеу, жұмыскерлерге тиісті еңбек кепілдіктерін беру және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аударылды.









