Еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесу

    Еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесу

    «Respublica» партиясының Астана қалалық филиалы еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында:

    🔹 еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер және жұмыс берушілердің заң нормаларын қолдануына қатысты практикалық мәселелер;

    🔹 еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптары;

    🔹 шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру, қажетті рұқсаттарды алу және белгіленген рәсімдерді сақтау мәселелері;

    🔹 hr.enbek.kz платформасымен жұмыс істеудің практикалық мәселелері талқыланды.

    Еңбек қатынастарын рәсімдеу кезінде жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері кездесетін проблемалық мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, еңбек заңнамасын қолдануға қатысты практикалық мәселелерді талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті" жаңалықтары