АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

    АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ


    ✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке қабылдады. Ашық форматта өткен қабылдауға 50-ге жуық тұрғын қатысып, олардың 25-і аудан әкіміне өз мәселелерін тікелей жеткізді.
    Қалған азаматтар көтерген мәселелеріне қарай аудан әкімінің орынбасарларының, дербес бөлімдер мен тиісті мекемелер басшыларының қабылдауында болды. Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, түсіндірме беріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
    ✔️Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыз су, жол жөндеу, электрмен жабдықтау, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
    ✔️Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Шешімі табылған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданып, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.
    ✔️Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып, азаматтардың сауалдарына өз құзыреттері шеңберінде жауап берді. Бұл көтерілген мәселелерді кешенді қарап, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.
    – Халықтың өтініші мен ұсынысы – біздің жұмысымыздың басты бағдары. Әрбір мәселе заң талаптарына сәйкес қаралып, оның оң шешім табуы үшін нақты жұмыстар жүргізіледі. Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату – аудан әкімдігі қызметінің негізгі қағидаты, – деді аудан әкімі Азат Оралбаев.
    ✔️Қабылдау соңында тұрғындар ашық форматтағы кездесудің тиімділігін әрбір мәселенің назарға алынып, жауапты мамандар тарапынан жан-жақты түсіндірілгеніне ризашылықтарын білдірді.
    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары