
ОРДАБАСЫДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті.
Мәжілісте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, жиын барысында нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы, бөлімдердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтері зерделеніп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар сараланды.
Жұмысшы топ мүшелері анықталған тәуекелдерді болдырмау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды талқылап, алдағы кезеңге арналған тиісті іс-шараларды айқындады.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтамалар жасалып, тәуекелдер тізілімі және оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.









