ҚҰРМЕТТІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР, АСЫЛ ӘЖЕЛЕР!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚҰРМЕТТІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР, АСЫЛ ӘЖЕЛЕР!

    Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.

    Біздің көп этносты Сарыағаш ауданында 222 мыңнан астам халық болса, соның ішінде жасампаз еңбек пен өнегелі өмір иелері 16 мыңнан аса зейнеткер қария осындай құрметке ие болып отыр.

    Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жалғастыруда.

    Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

    Бүгінде ауданымызда 1 Ұлы Отан соғысының ардагері (Э.Ишхонов), 191 тыл ардагері және 16072 зейнет жасындағы абзал қарияларымыз бар.

    Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қарттарға, зейнетақы мен жәрдемақының сатылап көтерілуіне, оларға деген қамқорлықтың арта түсуіне жағдай тудырып отыр.

    Біздің ауданда да ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуларына қолайлы жағдай жасалуда.

    Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз. Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз деп ойлаймын.

    Сіздерді ардақтап, құрмет көрсету арқылы біз жастарға өнеге көрсетеміз.

    Құрметті аға ұрпақ өкілдері!

    Сіздердің еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы орасан зор еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ жадынан ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, бірлік, мейірім мен шуақты ғұмыр тілеймін!

    Құрметпен, Арман Абдуллаев

    Сарыағаш ауданының әкімі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары