
2025 жылғы 1–4 қазан аралығында Ақтау қаласында «Қорқыт Ата» халықаралық кинофестивалі өтті. Фестивальдің алғашқы күні салтанатты ашылу рәсімімен басталып, қызыл кілем төселді. Іс-шараға Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан келген кино саласының өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – түркиялық танымал актер Бурак Өзчивиттің қатысуы болды. Шабыт пен мәдениетті тоғыстырған бұл шара халықаралық мәдени байланыстарды нығайтып, Ақтаудың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.







