АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

    ·
    АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
    Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының кезекті тұрғындарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
    Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген сұрақтардың заң талаптарына сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, жауапты бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштері белгіленген мерзімде жан-жақты қаралып, заң аясында шешімін табуын тапсырды.
    Аудан басшысы тұрғындармен ашық әрі тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдар қызметінің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Әрбір көтерілген мәселе бақылауға алынып, олардың орындалу барысы тиісті деңгейде қадағаланатын болады.
    Айта кетейік, аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп келеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары